Астанада ақылы автотұрақ ашылатын күн жария етілді

АСТАНА. ҚазАқпарат  - 27 мамыр күні елордада алғашқы ақылы тұрақ өз жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Бекмырза Игенбердинов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«27 мамырда 422 орынға арналған «Нұрлы жол» желек жолындағы ақылы көлік тұрағын ілкі іске қосу жоспарланып отырғандағын айтқан абзал. Бұл ақылы режімде жұмыс істейтін ең бірінші аумақ болмақ. Ол жердің қазіргі уақытта инфрақұрылымы дайындалып, арнайы белгілер орнатылған», - деді ол.

Сонымен қатар басқарма басшысы елорданың сол жағалауында шамамен  9 мың автомобиль сиятын ақылы көлік тұрақтары болатындығын атап өтті.  

Соңғы жаңалықтар