Астанада алғаш рет қуыршақтар карнавалы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада қуыршақ театрларының апталығы өз шымылдығын ашады, деп хабарлайдың қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

1-8 қыркүйек аралығында Қазақстанның елордасында Дүниежүзілік қуыршақтар карнавалы аясында әлемнің 47 мемлекетінен жиналған қуыршақ таеатрларының ұжымдары өз өнерлерін ортаға салатын болады.





Шаралар легі 1 қыркүйекте Есіл өзенінің жағалауында карнавалға қатысушылардың шеруінен басталады. Шеру (сағат 10:-де Кенесары ескерткішінің жанында жиналады) қазақ драма театрына дейін жалғасады. Осы жерде Халықаралық карнавалдың ашылуы және гала-концерт өтеді.

Карнавал аясында бірінші болып Астана қаласы әкімдігінің қуыршақ театры «Ер Төстік» спектаклін көпшілік назарына ұсынады. Мұнымен қоса, елордалық көрермендер Ресей, Болгария, Тунис, Португалия, Румыния, Франция, Қытай, Ұлыбритания, Иран, Аргентина, Албания, Франция, Эстония, Австралия, Бразилия, Түркия, Венгрия, Жапония, Испания, Италия, Оңтүстік Корея, Бельгия, Словения, Германия және т.б елдердің қуыршақ театрларының қойылымдарын тамашалайды.  

Бір аптаға созылатын карнавалдың бағдарламасы қанық - көшедегі шерулер, ашық аспан астындағы қойылымдар, сондай-ақ күн сайын Астана қаласының Қуыршақ театрында және Қ. Қуанышбаев атындағы  қазақ драма театрында спектакльдер көрсетіледі.

Дүниежүзілік қуыршақтар карнавалы («World Puppet Carnival) - бұл Астана үшін үлкен оқиға және ол қуыршақ ойнатушы артистердің өнерін дамытуға ынта береді, мәдени тәжірибе алмасуға және өзге мемлекеттермен ынтымақтастық орнатуға жол ашады.  




Соңғы жаңалықтар