21:28, 21 Қазан 2015 | GMT +5
Астанада алғашқы қар жауды (ФОТО, ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін кеш бата Астана қаласында ауа райы бұзылып, күні бойы жауған жаңбырдың арты қарға ұласты.

Ал «112» желісі ертең, яғни, 22 қазан күні Астанада секундына 20 метр жылдамдықпен жел соғатыны туралы смс-хабарлама таратуда. Айта кетейік, кеше «Қазгидромет» алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн суытатынын хабарлаған еді. Болжамға сүйенсек, ертеңнен бастап ауа райы түнде солтүстік өңірлерде -3-11 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде күн райы 5 градусқа дейін суытады.