Астанада алимент төлемеген борышкер 5 млн теңге қарызбен қайта сотталды
АСТАНА. KAZINFORM — Елорда тұрғыны бұрынғы жұбайын алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызбен «Сарыарқа» ауданының прокуратурасына жүгінген. Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы мәлім етті.
— Борышкер 2025 жылы дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Алимент бойынша берешек сомасы шамамен 5 млн теңге. Сот үкімімен кінәліге пробациялық бақылау белгіленіп, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, — делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Прокуратура балалар — біздің болашағымыз екенін еске салады. Алимент төлеуден жалтару олардың құқықтарын бұзады және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Еске сала кетейік, 25 тамыздан бастап алимент арнайы банк шотына аударылады.