Астанада Арқар көпірінде көлік қозғалысы төрт күнге ішінара шектеледі
АСТАНА. KAZINFORM – Астанада 25-29 тамыз аралығында Арқар көпірі (М1) арқылы автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, шектеу көпірдегі деформациялық тігісті жөндеу жұмыстарына байланысты енгізіледі.
– Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады, – делінген хабарламада.
Қала тұрғындары мен қонақтарына жолға шығар алдында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілген уақытша шектеулерді ескеру ұсынылды.
Айта кетейік, «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолы учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізіледі.