Астанада ашылатын жаңа балалар травмпункті қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада балаларға шұғыл көмек көрсететін жаңа травмпункт іске қосылады, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Астанада балаларға шұғыл көмек көрсететін жаңа травмпункт іске қосылады
Фото: ДСМ

Астанада ересектер мен балаларға көрсетілетін жедел медициналық көмектің мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Қазан айында № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында жаңа балалар травмпунктін ашу жоспарланған.

Құрылыс нысандарын іске асыру барысымен және үш көпбейінді стационардың жұмысымен Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова танысты.

Астанада балаларға шұғыл көмек көрсететін жаңа травмпункт іске қосылады
Фото: ДСМ

Жаңа травмпунктте заманауи реанимация бөлімі, операциялық блок және қажетті медициналық жабдықтар көзделген. Нысан балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету қызметіне түсетін жоғары жүктемені және медициналық көмекті ұйымдастырудың заманауи талаптарын ескере отырып жобаланған.

Бұл кішкентай пациенттерді қабылдауға барынша қолайлы жағдай жасап, жарақат алған балаларға медициналық көмекті уақтылы әрі сапалы көрсетуге мүмкіндік береді.

№ 1 көпбейінді қалалық ауруханада министр жаңартылған қабылдау бөлімін және бейінді бөлімшелерді аралап, медициналық көмекті ұйымдастыру барысымен және аурухананы одан әрі жаңғырту жоспарларымен танысты.

№ 1 көпбейінді қалалық ауруханада министр жаңартылған қабылдау бөлімін және бейінді бөлімшелерді аралап, медициналық көмекті ұйымдастыру барысымен және аурухананы одан әрі жаңғырту жоспарларымен танысты. Биылғы жылдың сегіз айында стационарда 19,7 мыңнан астам пациент ем қабылдап, 11 мыңнан астам операция жасалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда хирургиялық көмектің көлемі артып, пациенттердің стационарда емделуінің орташа ұзақтығы қысқарған. 2027 жылы аурухананы реконструкциялау жоспарланған. Жоба инфрақұрылымды жаңартуға, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Фото: ДСМ

Биылғы жылдың сегіз айында стационарда 19,7 мыңнан астам пациент ем қабылдап, 11 мыңнан астам операция жасалған. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда хирургиялық көмектің көлемі артып, пациенттердің стационарда емделуінің орташа ұзақтығы қысқарған.

2027 жылы аурухананы реконструкциялау жоспарланған. Жоба инфрақұрылымды жаңартуға, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Астанада балаларға шұғыл көмек көрсететін жаңа травмпункт іске қосылады
Фото: ДСМ

Медициналық ұйымдарға бару қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарын уақтылы аяқтау, жаңа бөлімшелерді қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету және оларды ашуға дайындау мәселелері қаралды.

Осыдан бұрын дәрігерлерге сынық пен ауыр жарақат кезінде қажет құралдар көбейетінін жазғанбыз.