Астанада ашық аспан астындағы фитнес маусымы басталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 мамыр күні елорда алаңдарында «Fitness Park Astana»-ның жаңа маусымы ашылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Әр жексенбі сайын таңғы сағат 10:00-ден түскі 13:00-ге дейін білікті фитнес-нұсқаушылардың қатысуымен жаппай жаттығулар жүргізіледі.

Астананың Орталық саябағында кроссфит, йога, бразилиялық джиу-джитсу және зумба биі бойынша сабақтар өтеді.

«Жерұйық» саябағында кроссфит пен зумба элементтері бар бір сағаттық жалпы физикалық жаттығулар және дәстүрлі джиу-джитсу бойынша шеберлік сабақтары жүргізіледі.

Студенттер саябағында кроссфит пен зумба элементтері бар бір сағаттық жалпы физикалық жаттығулармен бірге тай боксы да үйретіледі.

Соңғы жаңалықтар