Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери парадтың соңғы дайындығы өтті. 

Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform

Салтанатты іс-шара 7 мамыр күні «Қазақ елі» монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Парадқа 4 000-нан астам әскери қызметші қатысады. Оған қоса, қала тұрғындары мен қонақтары 200-ден астам заманауи әскери техника мен қару-жарақты, әскери-көлік авиациясының 66 ұшағы мен тікұшағын тамашалай алады.

Парад сағат 11:00-де басталады. Салтанатты шеруді ҚР Президентінің Телерадиокешені түсіреді. Көрермендер әскери шеруді Jibek Joly және Silk Way телеарналарынан тікелей эфир арқылы тамашалай алады. 

Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform

Сондай-ақ әскери шеру республикалық телеарналардан, еліміздің барлық қаласында LED-экрандардан, Қорғаныс министрлігінің ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Парадтан кейін сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін дәл осы алаңда қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың мерекелік концерттері өтеді. 

Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform
Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform

Мерекелік парадқа Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қимылдарға қатысушылар, ҚР Қарулы күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауылы роталары, ҚР Қарулы күштері, басқа да әскери құрылымдардың ардагерлері және әскери құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылған.

Парад репетициялары кезінде және 7 мамырдағы парад күні алаңда әскери-медициналық және азаматтық мамандар кезекшілік етеді. Олар қажет болған жағдайда білікті медициналық көмек көрсетуге әзір.

Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform
Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform

Бұл күндері әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін бірқатар көшеде уақытша шектеулер енгізіліп, автобус бағыттары өзгереді, кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады.

Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform
Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform
Астанада әскери қызметшілер Жеңіс мерейтойына арналған салтанатты шеруді пысықтады
Фото: Дамира Кеңесбай / Kazinform

Айта кетейік, Астанада Екінші дүниежүзілік соғыс Жеңістің 80 жылдығына орай 9 мамырда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылатын мерекелік отшашу өтеді.

Соңғы жаңалықтар