Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада әскери-патриоттық қозғалысты дамыту мәселелері қаралды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрлігінің, Білім министрлігінің, Астана қаласын әкімдігінің өкілдері, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері қатысқан отырыста әскери-патриоттық қозғалысты дамыту мәселесі талқыланды.

Астанада әскери-патриоттық қозғалысты дамыту мәселелері қаралды

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Астанада өткен кездесудің барысында 2012 жылы әскери-патриоттық қозғалыс аясында атқарылған жұмыс қорытындыланды.

Қазақстанда әскери-патриоттық қозғалысты дамыту мемлекеттік механизмнің басты идеологиялық бағыты болып табылады. Бұл бағытта Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлері, бастауыш әскер дайындық бойынша мектептің оқытушыларын, оқу озаттарын, Қарулы күштердің ардагерлерін тартумен тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Кездесудің тақырыбын талқылауда отырыстың қатысушылары өсіп келе жатқан ұрпақтың Отан алдындағы борышын сезінуі қажеттігін, әскери қызметке және елін қорғауға дайындықтарының маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте осы қасиеттерді, патриоттық рухты дамытуда жастар ұйымдары ғана емес, ардагерлер де зор рөл атқарады, деп атап өтілді.