Астанада әскери шараларға байланысты үш көше жабылады
АСТАНА. KAZINFORM — Қорғаныс министрлігі Астанада әскери шараларға байланысты үш көше жабылатынын хабарлады.

Дерекке қарағанда, 10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері түске дейін Астана қаласының «Индустриялық қалашық» аумағында әскери техниканың қатысуымен жаттығу өткізіледі.
- Бұл іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына бағытталған. Осыған байланысты Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілмек, - делінген ақпаратта.
Ведомство жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұрайды.
- Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз, - деп жазды министрліктен.
Айта кетейік, бортында экипажы бар «Жеңіс» зымыран тасығышы ғарышқа аттанды.