Астанада «Astana International Auto Salon - 2013» (AIAS-2013) бірінші Халықаралық автөкөлік көрмесі өтеді

АСТАНА. 9 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 10-12 қазанында Астанадағы «Көрме» көрмелік кешенінде «Astana International Auto Salon - 2013» (AIAS-2013) бірінші Халықаралық автөкөлік көрмесі өтеді. Бұл шара Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің, «KAZNEXINVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» АҚ және «NADLoC» жергілікті құрамды дамыту жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ ресми қолдауымен ұйымдастырылуда.
None
None

Көрмені ұйымдастырушы - «Expo Group» халықаралық көрме компаниясы.

«AIAS-2013» көрмесін өткізудің басты мақсаты - бұл автокөлік жасап шығарудағы жетістіктерді көрсету, әріптестікті дамыту бағытында халықаралық деңгейде жайлы жағдай жасау және қазақстандық нарықтың стратегиялық маңызды мәселелерін шешу үшін шетелдік және отандық автокөлік өндірушілеріне Еуразия аймағының орталығында айрықша тұғырнама ұсыну болып табылады.

Көрмеге Германия, Жапония, Чехия, АҚШ, Ресей, Корея мен Қазақстанның компаниялары қатысады. Өзекті трендтер мен әлемдік автоөндірушілердің жаңа өнімдері ұсынылады.

Сонымен қатар, «AIAS-2013» көрмесінде Қазақстанда алғаш рет - i-MiEV (MITSUBISHI Innovative Electric Vehicle) экологиялық таза және шусыз инновациялық электрмобильдің ресми түрде тұсаукесері болады.

Бұл жоба қазақстандық экономиканың әртараптандырылуы, жаңа жоғары технологияларды іздеу және «жасыл экономикаға» көшу кезеңінде, соның ішінде «EXPO-2017» «Болашақ энергиясы» бүкіләлемдік көрмесінің өткізілуі қарсаңында сапалы алға басу болып табылады.

«AIAS-2013» көрмесінің салтанатты-ресми ашылуы: «КӨРМЕ» орталығында, қазанның 10-шы жұлдызы, сағат 11:00 басталады. Бұл туралы көрменің ұйымдастыру кеңсесінен хабарлады.

Соңғы жаңалықтар