Астанада ауа райына байланысты аймақтық бағдарларға шектеу қойылуы мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ауа райының нашарлауына байланысты аймақтық бағдарлардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл туралы Астана LRT компаниясы ескертеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Ауа-райының нашарлауына байланысты үсіп қалмау үшін сіздерден барынша абайы болуларыңызды және сапарыңызды алдын ала ойластырып, мүмкіндігінше кешікпей қалуларыңызды сұраймыз. Мектеп оқушыларының ата-аналарын балаларыңыздың оқу орындарынан үйлеріне уақытында оралуына мұқият болуларыңызды, ал қажет болған жағдайда олармен бірге еріп жүрулеріңізді сұраймыз», - деп хабарланады Астана LRT компаниясының фейсбук парақшасында.

Қаладағы жолаушылар көлігі қызметіне жауапты компания ауа райының нашарлауына байланысты аймақтық бағдарлардың қозғалысына шектеу қойылуы мүмкін екенін ескертеді.

«Бағдарлардың жүру кестесіндегі өзгерістер туралы хабарламаларды Астана LRT ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланады. Facebook, Instagram, сондай-ақ www.alrt.kz сайтында жаңартуларды оқыңыздар», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, ҚР Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті бүгін салқын циклонның жақындап қалғаны жайында ескерткен болатын. ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, бүгін министрлікке қарасты Төтенше жағдайлар комитетіне қатты аязға қатысты шұғыл ақпарат түсті. Осыған байланысты Қазгидромет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті xабарламаны таратты.

«Біз тағы да ескертеміз, салқын циклон жақындап келеді. Соның салдарынан аяз күрт күшейіп кетеді. Боран болады. Сондықтан облыстық және республикалық жолдармен жүретін жүк көліктері мен автобустардың қозғалысы шектелетін болады», - деді Ю.Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Соңғы жаңалықтар