19:21, 17 Қаңтар 2015 | GMT +5
Астанада аудандық АХАТ бөлімдерінің мекенжайлары өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірқатар аудандық АХАТ бөлімдерінің мекенжайлары өзгерді.
Атап айтқанда, Есіл ауданының АХАТ бөлімі Қабанбай батыр даңғылы, 33 мекенжайы бойынша (Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында, «Инфинити» ТҮК және республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталыққа қарсы) орналасқан. Сарыарқа ауданының АХАТ бөлімі Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайы бойынша Сарыарқа ауданы әкімдігінің ғимаратында орналасқан. Телефондары: 55-01-65, 55-01-66, 55-01-64. Сонымен қатар Алматы ауданының АХАТ бөлімі Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекенжайы бойынша Алматы ауданы әкімдігінің ғимаратынан орын тепті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.