17:51, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Астанада Әуезов көшесінің Абай мен Ықылас көшелері аралығындағы бөлігі жақында пайдалануға беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 тамызға дейін Әуезов көшесінің Абай даңғылы мен Ықылас Дүкенұлы көшесі арасындағы бөлігі пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметіне Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан хабарлады.

Астанада қазіргі уақытта Әуезов көшесінде жол астындағы инженерлік желілердің әбден тозығы жеткендігі себепті қайта құру жұмыстары жүргізілуде.
Көшенің асфальт жабындысы инженерлік желілердің ескіруі себепті жиі болатын апатты жағдайлардың салдарынан бірнеше рет күреліп, қазылды. Соның салдарынан жол сапасы нашарлады. Осыған байланысты, биылғы жылы автожолды ғана емес оның астында жатқан коммуникацияларды кешенді ауыстыру арқылы күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім қабылданған болатын. Бұл нысандардың көбі 70 жылдардың ортасында салынып, осыған дейін күрделі жөндеу көрмеген.
2015 жылы аталған жобаны жүзеге асыру жалғасытырылады.