Астанада аурухананы басқару мамандығының алғашқы түлектеріне білім туралы куәліктер тапсырылды

АСТАНА. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Аурухананы басқару саласындағы мамандарды даярлау» магистрлік бағдарламасының алғашқы түлектеріне куәлік тапсыру рәсімі болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін ҚР Ұлттық медициналық холдингі, Еуразия ұлттық университеті және Астана медициналық университетінің арасында аурухананы басқару саласындағы мамандарды даярлау бойынша арнайы келісімшарт рәсімделген болатын. Оған сәйкес Астана медициналық университетінің 20 түлегі Еуразия ұлттық университетінің Экономика факультетінің магистратурасын тәмамдап шықты. Енді олар аурухананы басқару мамандығының алғашқы магистр-мамандары атанып отыр.

Бүгінгі іс-шара барысында ҚР Ұлттық медицина холдингі басқармасының төрағасы Алмас Шарман, Еуразия ұлттық университеті мен Астана медициналық университетінің басшылығы жас мамандарға білім туралы куәліктерді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар