17:40, 02 Мамыр 2017 | GMT +5
Астанада ауызсудағы хлордың мөлшері арттырылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су тасқындарына байланысты «Астана су арнасы» МКШ орталық сумен қамту жүйесіндегі хлордың мөлшерін 1 мг/дм3-ке дейін арттыру жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мұндай шара ішек инфекцияларының таралуын алдын алуға бағытталып отыр.
«Астана су арнасы» коммуналдық шаруашылығының ресми сайтында атап көрсетілгендей, судағы хлордың көлемін арттыру ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғам денсаулығын қорғау комитеті Астана қаласы қоғам денсаулығын қорғау департаментінің №209 «Су көздеріне, шаруашылық-ауызсу мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауызсумен жабдықтауға және суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарына» толық сәйкес келеді.