Астанада автобус пен кранның соқтығысуынан зардап шеккен бір адам әлі жансақтау бөлімінде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана-Қосшы тасжолында автобус пен кранның соқтығысуынан зардап шеккен 5 адамның төртеуі жалпы палатаға ауыстырылды, бір адам әлі күнге дейін жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлады бүгін «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» акционерлік қоғамының бөлім басшысы Руслан Ботаев «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында.
None
None

«Бес адам жансақтау бөліміне түскен болатын, олардың төртеуі жалпы палатаға ауыстырылды. Қазіргі уақытта жасы үлкен бір әйел адамның халі ауыр. Оған кеше ота жасалды. Бүгін оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Тыныс алу жолдарына және жүрек қағысына мониторинг жасалып жатыр», - деді ол.

Еске сала кетейік, аталмыш жол-көлік оқиғасы 17 наурызда Астана-Қосшы тас жолында таңертеңгі сағат 8.17 шамасында орын алды. «КамАЗ» базасына орнатылған кран солға қарай бұрылар кезде қарсы келе жатқан 43-ші маршруттағы Қосшы-Астана автобусын өткізбеген. Осының салдарынан қақтығыс орын алды.

«КамАЗ» жүргізушісі автокөлігін басқара алмай, тағы үшінші машинамен соқтығысты. ЖКО нәтижесінде төрт көлік қақтығысып, 16 адам зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар