Астанада автобус пен жеңіл машинаның соқтығысуы салдарынан жеткіншек ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғасы Абылайхан - Пушкин көшелерінің қиылысында тікрелген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Астана қаласының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада автобус пен жеңіл машинаның соқтығысуы салдарынан жеткіншек ажал құшты

«21 қыркүйек күні сағат шамамен 10:00 кезінде «Toyota-Rav-4» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылымен келе жатып, Пушкин көшесіне шығу үшін солға бұрылған. Маневр жасау кезінде аталған көлік қарама-қарсы бағытта Кеңесары көшесімен тіке қозғалған автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған «Toyota-Rav-4» автокөлігінің 2006 жылғы жасөспірім жолаушысы көз жұмды. Аталған іске қатысты ҚР ҚК 354-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлайды ведомстводан.
null 

Әр түрлі дене жарақаттарын алған автобустың үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта олардың екеуі тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Біреуі ауруханаға жатқызылған.