Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала жатқан арбаға құлады
АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың Полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.
— Алдын ала анықталғандай, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Құлау салдарынан әйел қайтыс болды. Әйел адам құлаған кезде екі жасар сәби отырған балалар арбасына түскен. Алған жарақаттары салдарынан бала көз жұмды, — деп хабарлады Полиция департаменті
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында ер адам 8-қабаттан секірмек болғанын жазғанбыз.