14:29, 11 Қаңтар 2019 | GMT +5
Астанада әйелді соққыға жыққан күдікті іздестіріліп жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада белгісіз біреу әйелге қарақшылық шабуыл жасап, соққыға жықты. Әйелді қарақшының қолынан сыртқа темекі шегуге шыққан көршісі құтқарып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қаңтар күні түнгі сағат 1 шамасында Диваев көшесі бойында орын алған. Қазіргі уақытта полиция іздеп жатқан күдікті әйелдің сөмкесін тартып алмақ болған. Оқиғаның бейнетаспаға түсіп қалған жазбасы әлеуметтік желіде тарады.
«Бойы 170-175 сантиметр болатын 35-40 жастағы ер адам іздестірілуде. Қара түсті күртеше киген, басында құлақшын болған. «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деді департаменттен.
Сонымен қатар, Астана қалалық полиция департаменті күдікті туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, Сарыарқа аудандық полиция басқармасына (Ақбұға к. 2) немесе мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды өтінеді: 8 (7172) 71-66-76, 71-66-40, 87011288185 және 102.