Астанада Азиадаға қанша күн қалғанын кері есептейтін табло орнатылады

АНА. Қаанның 13-і. ҚазАқпарат /Гүлнар Жандағұлова/ - Астанада Азиада ойындарына қанша күн қалғанын кері есептейтін табло орнатылмақ. Бұл туралы бүгін қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов 2011 жылғы 7-інші Қысқа Азияда ойындарына әзірлік және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің ІІ отырысы барысында айтты,

Астанада Азиадаға қанша күн қалғанын кері есептейтін табло орнатылады

деп хабарлайды әкімдік баспасөз қызметі.

«Таблоны жаңа стадионның қасында орнату белгіленді, өйткені оны Азиада ойындарынан кейін де қаланың сәулеттік сәні және спорт символы ретінде қалдыру көзделіп отыр, - деді әкім.

Табло ірі спорттық форумдар рәміздердің бірі болып табылады. Кері есептеуді 2010 жылғы қаңтардың 30-ында Астана және Алматы қалаларында бір мезгілде орнату жоспарлануда. Қазір оның сыртқы бейнесі және жасалатын материалдары екшеліп жатыр.