Астанада әзірше шомылуға болмайды

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең, 1 маусым күні Астанада шомылу мезгілі басталады.
None
None

Алайда құтқару қызметінің мамандары Есіл өзенінің суына әзірше түспей тұра тұруға кеңес беріп отыр.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті суда құтқару қызметі хабарлағандай, бүгінде Есіл суының температурасы - +10 градус. Ал суға түсу үшін орташа температура +17 градус болуы тиіс. Оған денсаулығы мықты әрі суық суға үйренген азаматтар ғана шыдас бере алады. Негізі, жаппай шомылу үшін судың орташа температурасы - +20, ал ауа температурасы +22 градусқа дейін жетуі шарт. Суда құтқару қызметінің бастығы Георгий Савруктың айтуынша, маусым айында қайғылы оқиғалар жиі болып жатады. «Себебі қала тұрғындары судың температурасына қарамай, өзенге түседі. Ал кейбіреулер мас күйінде шомылады. Соның салдарынан жүрек қысылып, сіңір тартылады», - дейді Г.Саврук.

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы 47 адам суға батып кете жаздаған. 32 адам құтқарылды. Алайда 15 адам, оның ішінде бір бала суға кетті.

Соңғы жаңалықтар