Астанада азық-түлікті арзан бағамен қайдан алуға болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада арзан бағамен тұрақтандыру қорындағы азық-түлік өнімдері сатылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Астанада азық-түлікті арзан бағамен қайдан алуға болады

Қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының мәліметіне сәйкес, өнімдер еліміздің әр аймағындағы ірі тауар өндірушілерден сатып алынған.

Бүгінгі таңда арзандатылған азық-түліктер «Шапағат» коммуналдық базарында, «Алма» супермаркеттер желісінде, «Азат» сауда үйінде сатылуда. Атап өтілгендей, мұнда картопты - 60 теңгеден (қала бойынша орташа баға - 85 теңге), қантты - 230 теңгеден (251 теңге), күрішті 190 теңгеден (268 теңге) алуға болады.

Айта кетейік, тұрақтандыру қорына өнімдер маусымаралық кезеңде бағаның қымбаттауына жол бермеу үшін сатып алынады.