Астанада бас шыршаның шамы жағылды
Бүгін Астанада елорданың бас шыршасын жағу іс-шарасы салтанатты түрде өтті. Іс-шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Kazinform елорда әкімдігіне сілтеме жасап.


Шыршаның биіктігі — 25 метр. Ол жеңіл сәнді ойыншықтармен, өрнектермен, строб шамдарымен, түрлі-түсті гирляндамен безендірілген.

Сол сияқты 2 метр болатын жарық шашатын қар ұшқыны көрініс тапқан.

ЭКСПО аумағында өткен шырша жағу рәсімінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, жаңажылдық жәрмеңке, слайдтар, мұз айдыны, лабиринт, фуд-корт, арнайы тақырыпқа арналған фотоаймақтар ұйымдастырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Шараға шамамен бес мыңға жуық адам қатысты.

Қонақтарды «Жарты Ай адамы» түріндегі қуыршақтар, сол сияқты Қар ханшайымы, ергежейлілер және Щелкунчик бейнесіндегі қуыршақтар қарсы алып, жиналғандарға ерекше көңіл күй сыйлады.


Естеріңізге сала кетейік, елорданың 5 ауданында бүгін 30-ға жуық мерекелік шырша жағылды.

Сондай-ақ мұз айдындары, слайдтар, жаңа жылдық жәрмеңке бар қысқы мұз қалашықтар өз жұмысын бастайды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram


