11:20, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Астанада Батыс Қазақстан облысының мәдениеті күндерін өткізу жоспарланып отыр
ОРАЛ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Наурыздың 13-14-інде Астана қаласындағы Президент мәдениет орталығында Батыс Қазақстан облысы мәдениеті күндерін өткізу жоспарланып отыр.

Облыстық мәдениет басқармасының бастығы Айдар Батырхановтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, астаналықтар Сәкен Ғұмаровтың сурет көрмесімен қоса облыстық тарихи-өлкетану, Бөкей ордасы музейлерінің жәдігерлерімен таныса алады. Сондай-ақ Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның Дәулеткерей атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Орал сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.