12:51, 04 Мамыр 2010 | GMT +5
Астанада Бауыржан Момышұлына арналған «Қаһарман» атты әдеби-шығармашылық кеш өтеді
АСТАНА. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 5-інде 19.00-де Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығында Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», дарынды қолбасшы, қазақ халқының өр тұлғасы, көрнекті жазушы Бауыржан Момышұлының туылғанына 100 жыл толуына арналған «Қаһарман» атты әдеби-шығармашылық кеш өтеді.

Әдеби-шығармашылық кештің барысында Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығы жөнінде сыр шертетін деректі және көркем фильмдердерден үзінділер, театрландырылған қойылымдар, соғыс жылдарының әндері ұсынылады.
Кешке ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед, Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова қатысады деп күтілуде.
Мәдени шараны ҚР Мәдениет министрлігі, «Қазақ әуендері» АҚ ұйымдастырып отыр.