Астанада Байтұрсынұлы көшесі екі аптаға жабылады

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Астанада 26 мамырдан бастап А. Байтұрсынұлы көшесінің Обаған және Мирзоян көшелері аралығындағы бөлігі жабылады.
None
None

Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан мәлім етті.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Байтұрсынұлы көшесіндегі аталған жол телімі екі аптаға (10 маусымға дейін) жол-құрылысы жұмыстарының жүргізілуіне байланысты жабылады.

«Осыған орай қалалық №3 және №21 автобус бағдарлары мына сызба бойынша: «Обаған көшесі - Қошқарбаев даңғылы (оңға қарай) - Сарыкөл көшесі (солға қарай) - одан әрі бұрынғы бағдар бойынша жүреді. Кері бағыт осы аталған сызба бойынша жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.

astana.kz сайтының жазуынша, биылғы жылы елордада 17 көшені жөндеп, 115 шақырым жолды қалпына келтіру жоспарланған. Оның 40 шақырымы жаңадан салынып, 35,6 шақырымы жаңартылатын болады. Сондай-ақ тұрғын үй аулаларымен жалғасатын 21,8 шақырым жолдың құрылысы аяқталады.

Соңғы жаңалықтар