Астанада «Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан» балалар суреттерінің республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

ТАНА. 30 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанада «Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан» атты балалар суреттерінің республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
None
None

Үстіміздегі жылдың басында басталған байқауға жалпы орта білім беретін мектептердің, қосымша білім беру мекемелерінің оқушылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері, балалар мен жастардың республикалық ұйымдарының мүшелері қатысты. Оқушылардан барлығы 1 мыңнан астам сурет келіп түсті. Олардың арасынан топ жарып шыққан 240 сурет бүгін, ҚР Ұлттық академиялық кітапханада ашылған көрмеге қойылды. Осы суреттер сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына «Виртуалды көрме» айдарында орналастырылатын болады.

Байқау 10-13 жас және 14-17 жас аралығындағы оқушылар арасында, екі кезеңмен өтті - өңірлік және республикалық.

Қазылар алқасының мүшесі, №1 өнер мектебінің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Төленді Шәкібайұлының айтуынша, жеңімпаздарды таңдау қиынға соқты. Оқушылардың еңбектерінің тақырыптары сан алуан, әрқайсысының өзіндік нақышы бар, композициялық шешімдері ерекше. Олар Тәуелсіздік жетістіктерін бір ғана суреттің ішіне сыйғызып, көрнекілік тілмен жеткізуге тырысқан.

Таңдап алынған 20 жеңімпазға әртүрлі аталымдар бойынша екінші және үшінші орындар берілді. Тағайындалған жалғыз бірінші орынды Қарағанды облысы, Шахтинск қаласының оқушысы Меруерт Жәмиленова жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар