Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 маусымда Астанада Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.
None
None

Орталықтың хабарлауынша, ТжКО оқу ұйымдарының түлектеріне арналған жәрмеңке Республика даңғылының бойындағы «Жастар» сарайы ғимаратында сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін өткізіледі.

Жәрмеңкеге 60 жұмыс беруші шақыртылған. Шараға «Білім беру», «Құқық» «Өнер және мәдениет», «Медицина, фармацевтика», «Энергертика» және т.б. техникалық және кәсіби білім беру бағытындағы оқу орындарының үш мыңнан астам түлегі қатысады деп күтілуде.
Айта кетерлігі Астана қаласында 2017 жылы оқу орындарын 6 408 түлек тәмамдайды. 

Ескере кетейік, биыл жәрмеңке бесінші рет өткізіліп жатыр. Бұған дейінгі төрт жәрмеңкеде 236-ға жуық адам жұмысқа тұрды. Жыл соңына дейін тағы 4 бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар