Астанада бірқатар автобус бағдарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді
АСТАНА. KAZINFORM — № 2, 3, 14, 21, 32, 50, 75, 60, 66, 503, 508, 11, 48, 57, 507 бағдарлардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлім етті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында биыл салынатын және жөндеу жүргізілетін көшелер туралы жазған болатын.
Биыл сәуір айынан бастап мына көшелерде жұмыс басталды:
— Е68 көшесі Ә. Бектұров көшесінен Төле би көшесіне дейін;
— Б. Соқпақбаев көшесінің Ш. Бейсекова көшесінен К. Күмісбеков көшесіне дейінгі аралығындағы құрылысы жалғасты;
— «Тілендиев даңғылынан Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі учаскеде Абайдың 150 жылдығы көшесін салу» жобасы іске асып жатыр.
— Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесі;
— Кенесары көшесі Ә. Сембинов көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін (бұл ретте Кенесары көшесінде 2025 жылы Е. Брусиловский көшесінен Ә. Сембинов көшесіне дейінгі аралықта жұмыс жүргізілген);
— Республика даңғылы А. Иманов көшесінен теміржол вокзалына дейін;
— Ақан сері көшесі Тілендиев даңғылынан Қараменде би Шақаұлы көшесіне дейін;
— Шаймерденов көшесі Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынұлы көшесіне дейін және т. б.