Астанада бірінші ауысымның 0-11 сынып оқушылары мен студенттер онлайн оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада қатты аяз. Сол себепті оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
— 2026 жылғы 12 наурыз күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Айта кетелік бүгін еліміздегі бірнеше өңірде екінші ауысым оқушылары онлайн оқуға көшірілген еді.