Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астанада «Дағдарысқа қарсы саясатты әзірлеуге және оны жүзеге асыруға бизнестің атсалысуы» тақырыбына арналған халықаралық «дөңгелек үстел» отырысы өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат Бүгін Астанада «Дағдарысқа қарсы саясатты әзірлеуге және оны жүзеге асыруға бизнестің атсалысуы» тақырыбына арналған халықаралық «дөңгелек үстел» отырысы өтеді,

Астанада  «Дағдарысқа қарсы саясатты  әзірлеуге  және  оны жүзеге асыруға  бизнестің атсалысуы»  тақырыбына арналған   халықаралық      «дөңгелек  үстел»    отырысы  өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның жұмысына Ресей мен Украинаның іскер топтары мен саяси элитасының өкілдері, сарапшылары қатысады. Үкіметтер қабылдап жатқан дағдарысқа қарсы шешімдерге бизнестің атсалысуының тиімді тетіктері талқыланады, сондай-ақ тұрақты тәжірибе алмасу жүйесін жолға қоюдың мүмкіндіктері қаралады. Жарыссөзге қатысушылардың қатарында РФ Мемлекеттік думасы төрағасының бірінші орынбасары М.Гришанков, саясаттанушы, «Гардарика» корпорациясының сарапшысыС.Матвиенко, «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қорының директоры Е.Шипова, «БелАЗ» Сауда үйінің бас директоры В.Кузьмин, «Атамекен Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының төрағасы А.Перуашев, Қазақстанның Кәсіпкерлер форумы кеңесінің төрағасы Р.Баталов және т.б. танымал сарапшылар, ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысады.