Астанада дәстүрлі «Астана – Арқау» этно-музыкалық фестивалі өтуде

АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Кеше Астана қаласының 11 жылдығын мерекелеу аясында К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында «Астана - Арқау» этно-музыкалық фестивалі басталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Концерттік бағдарлама көңілді, рухты тазарту рәсімін жасаған якуттық бақсының театрландырылған қойылымынан басталып, оны қазақтың қара қобызының әуезді үні ашты. Концерт барысында арнайы шақыртылған аты әлемге танымал ән мен әуен шеберлері көмеймен орындалатын әсерлі әндерді, шаман сарыны мен шаңқобыздың сиқырлы үнін, эпикалық және аспаптық композияцияларды ұсынды. Композияциялар ежелден Орта Азия мен Қазақстанды, Еділ бойы мен Сібірді, Алтай мен Анадолыны, Қап тауларын мекендеген халықтардың дәстүрлі лирикалық әуендерінен, көк Тәңірі мен ислам өркениетінен бері келе жатқан көне жанрлар мен жаңа стильдегі әуендерден құралған.

 Фестивальдің биылғы жылғы концерттік бағдарламасына, сонымен қатар алғаш рет ислам өркениетін насихаттайтын әуендер де енгізілді.

 Айта кету керек, Астананың 10 жылдық мерейтойымен негізі қаланып, өткен жылы алғаш ұйымдастырылған этно-музыкалық «Астана - Арқау» фестивалі өнерсүйер қауымның арасында үлкен қолдауға ие болған еді. Ұйымдастырушылар ежелгі ұлтаралық қатынастар дәстүрін қайта жандандырып, оны халықаралық және мемлекеттік деңгейде алғаш рет өткізді.

 Фестивальдің «Астана - Арқау» атауы - Елбасы Н.Назарбаевтың жақын болашақта Қазақстанды, оның елордасы Астананы адамзаттың озық ойлары тоғысқан арнаға, бейбітшілік пен тұрақтылық идеяларының арқауына айналдыру кемеңгерлік саясатының негізінде пайда болды.

Іс-шара шілденің 6-сы күні мәреге жетеді. 

Соңғы жаңалықтар