Астанада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 21 және 22 ақпанда кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

ярмарка, рынок
Фото: Алматы әкімдігі

Жәрмеңкеде жергілікті фермерлер мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жеміс-жидектерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдер мен жаңа піскен тоқаштарды, табиғи шырындарды, тосаптар мен джемдерді және өзге де тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.

Іс-шара 21 және 22 ақпан күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін Keryen Joly сауда орталығында (Алаш тасжолы, 35Б) өтеді.

Келушілердің ыңғайлылығы үшін жәрмеңке өтетін орын маңынан №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 бағыттағы автобустар қатынайды.

Айта кетелік Қазақстанда ара шаруашылығы қарқынды дамып, балды шетелге шығару 2,5 есеге өсті

Соңғы жаңалықтар
Референдум