Астанада демалыс күндері ауа райы суытып, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алдағы демалыс күндері жел күшейіп, күн суытады. Бұл туралы astana.kz сайтына Ауа райын қысқа мерзімді болжау басқармасынан хабарлады.

Астанада демалыс күндері ауа райы суытып, жел күшейеді

Таратылған мәліметтерге сәйкес, ертең күндіз ауа температурасы +12+14°С, түнде +5+7°С болады. Көшпелі бұлт шығып, өткінші жаңбыр жаууы ықтимал, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жексенбіде күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы күндіз +16+18°С, түнде +3+5°С болады. Солтүстік-батыстан 9-14м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді.

Алдағы аптаның басында да күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстаан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз ауа температурасы +20+22°С және түнде +3+5°С болады.