Астанада дене тәрбиесін және спортты дамытуға арналған халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 19-ы мен 20-сы күндері Астанада «Дене тәрбиесін және спортты дамытудың теориясы мен тәжірибесі: ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асырудағы үрдістер, проблемалар және перспективалар» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,

Астанада дене тәрбиесін және спортты дамытуға арналған халықаралық конференция өтеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отырған бұл шараға дене тәрбиесі мен спорт саласындағы жетекші мамандар қатысады. Конференцияның бағдарламасы бойынша ресейлік және қазақстандық мамандардың шеберлік сыныптары өткізіледі, тәжірибелер алмасады. Конференцияға қатысушылар «Спорт психологиясы», «Спорттағы психодиагностика», «Спортшыларды дайындау әдістемесі», «Жоғары білікті спортшыларды дайындаудағы кешенді бақылау», «Жаман әдеттен сақтандыру және балалар мен халық арасындағы бұқаралық спортты дамыту» деген қолданбалы бағыттар мен тақырыптар, секциялар бойынша пікірсайыстар өткізеді. Аталмыш конференция Президенттің Туризм және спорт министрлігіне жүктеген 2020 жылға дейін халық арасындағы бұқаралық спортты 30 пайызға дейін дамыту жөніндегі стратегиялық міндетті жүзеге асыруға оң әсер ететін болады.