Астанада денсаулық акциясы тамыздың соңына дейін жалғасады
Шараның мақсаты - қоғамның, мемлекеттік және мемелекеттік емес ұйымдардың назарын ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғап, нығайту мәселелеріне аудару, ауыл тұрғындарына салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу сұрақтары бойынша ақпараттық білім беру мен практикалық көмек көрсету. Акция аясында «Кировская» отбасылық дәрігерлік амбулаториясы Сарыарқа ауданының тұрғындары үшін акция өткізді. Апта бойы келушілердің бәрі консультация алды. Бұдан бөлек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлері де туберкулез ауруын ерте анықтау және профилактикалық шараларды күшейту бойынша консультациядан өтті. Акцияға туберкулез дертін емдеу диспансерінің мамандары, қаланың медициналық ұйымдарының дәрігерлер бригадасы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары атсалысты.