Астанада ЕАӘК қауіпсіздігі жөнінде форум өткізудің практикалық және символдық мәні бар - сарапшы

АТЫ. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ - Астанада ағымдағы жылғы маусымның 24-25-і күндері Еуро-Алтантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумы (ЕАӘК) өтеді. Оның маңызы, мақсаттары мен міндеттері туралы ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының жетекші сарапшысы Мұрат Лаумулин әңгімелейді.

Астанада ЕАӘК қауіпсіздігі жөнінде форум өткізудің практикалық және символдық мәні бар - сарапшы

- ЕАӘК - Солтүстік Америкадан Орталық Азияға дейінгі 46 мемлекеттің бірегей форумы. 1992 жылы Қазақстан Шығыс Еуропа мен бұрынғы КСРО елдерімен ынтымақтастықты жолға қою үшін арнайы құрылған ЕАӘК мүшесі болды. Содан бері біз өзіміздің қарулы күштеріміздің деңгейін көтеруге жәрдемдесетін, сондай-ақ еуропалық кеңістікте сенім ахуалын нығайтудың өзара іс-қимылдың жақтаушылары болып келеміз. 2001 жылғы қыркүйектің 11-індегі оқиғалардан кейін НАТО-ның Орталық Азияға назары едәуір дәрежеде арта түсті. Ынтымақтастықтың жаңа тұрғылары НАТО-мен әріптестік біздің ЕАӘК ауқымындағы қауіпсіздік саласындағы өзінің сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып қарастырылатын Қазақстанның қызметін жандандыра түсуге жәрдемдесуде. Астанада ЕАӘК қауіпсіздігі жөніндегі форум өткізудің практикалық және символдық мәні бар. Практикалық деңгейде ол ҚР-сының НАТО-мен және басқа еуро-атлантикалық құрылымдармен ынтымақтастығын жаңа сатыға көтереді. Символдық жағынан алғанда бұл оқиға Орталық Азия еуро-атлантикалық және еуро-азиялық қауіпсіздік жүйесінде қандай маңызды орын алатынын және Батыстың біздің аймағымызға және Қазақстанға қандай маңыз беріп отырғанын көрсетеді.

 - Көптеген сарапшылардың атап өтуінше, соңғы кездері Орталық Азия тұрақсыздықтың кіндігінде тұр және осы аймақтағы оқиғалар жаһандық деңгейдегі жағдайдың дамуына да әсерін тигізеді. Сіздің көзқарасыңызша, аймақтың қауіпсіздігіне байланысты жағдай сондай қатерлі ме?

- Еуропа мен Азияның тоғысында тұрған Орталық Азия геосаяси жағынан маңызды рөл атқарады, оны иемденуге ежелгі стратегтер де қаншама-қажыр қайрат жұмсады. Қайталап айтайын, «қыркүйектің 11-індегі» оқиғалардан кейін бұл аймақ алдыңғы шеп ретінде барған сайын халықаралық қоғамның назарын аудара түсуде. Орталық Азияға АҚШ бастаған лаңкестікке қарсы коалициялық күштер келгеннен кейін аймақтағы әскери және саяси жағдайда терең өзгерістер болды. Кеңес Одағы құлап, халықаралық қатынастардың екі полюстік жүйесі тарағанға дейін жаһандық қауіпсіздікте Орталық Азияның рөлі екінші қатарда болды, алайда қазіргі көпполярлық әлемде бүгінде қалыптасып отырған жағдайда ол халықаралық стратегиялық орны бар өзекті аймаққа айналды. Оның тұрақсыздығы әлемдік ауқымда тікелей жайсыз әсер етеді және НАТО мүше елдерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Осыған байланысты НАТО Орталық Азиямен ынтымақтастықты жандандыруды бірінші кезектегі міндеттер ретінде қарастырады. Орталық Азия бұрынғыша НАТО-ның басты назарында тұр. Алайда, американдық күштердің Өзбекстаннан амалсыз көшірілуі және Ташкенттің өзбек аумағында альянстың басқа мүшелері күштерінің (ГФР) болуына қатысты қысым жоспарлауы аймақтағы НАТО қатысуының әскери-саяси конфигурациясын өзгертеді. Батыс үшін Қырызстанның және Тәжікстанның, ал келешекте Түрікменстанның да маңызы арта түсіп отырғаны байқалады.

- Қауіпсіздікті әскери-саяси шаралар жүйесі ретінде қарастыру баяғыда ескірген деген пікір бар. Осыған байланысты Еуразияның орталық бөлігіндегі қауіпсіздік әскери бақылауға иек артпай, экономикалық прагматикаға жүгінуі тиіс, бұл біздің болашақта қақпанға түспеуімізге көмектеседі деген қарапайым қисын бар. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе?

 - Жоқ, келіспеймін. Біздің аймағымыздың қауіпсіздігі проблемалары барған сайын өзекті болып отыр. Әлемдегі және тұтастай алғанда біздің аймағымыздағы болған геосаяси сипаттағы өзгерістердің маңызы зор, өйткені ол біздің еліміздің дамуына ғана емес, сонымен қатар халықаралық тұрғыдан алғанда саяси оқиғалардың барысына ықпал етуде. ХХІ ғасырдың табылдырығын атай отырып, әлемдік қоғамдастық жаңа қатерлерге тап болды, оны мемлекеттердің және БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың бірлескен күш-жігерімен ғана шешуге болады. Біздің аймағымызда бұл проблема ШЫҰ белсенділігімен және Қытайдың қатысуымен жаңа өлшемдерге ие болып отыр. Бұдан әрі НАТО аймақтағы басты міндеті ретінде ШЫҰ-мен өз қатынастарын жолға қоюға, яғни осы ұйыммен (шындап келгенде Мәскеумен және Бейжіңмен) қандай да бір өзара іс-қимыл түрін орнатуға тырысады деп болжам жасауға болады. Бүгінде Альянста біраз проблемалар барын ескеретін болсақ, Орталық Азия сірә, НАТО мүшелері басқаларынан гөрі келісіммен әрекет етіп отырған ғаламшардағы бірден-бір аймақ болып қалып отыр. Бүгінде осы ұйымның аталған аумақтағы стратегиялық мынадай мақсаттарын бөліп айтуға болады: жергілікті режімдерге олардың демократияға өтуіне жеке іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру арқылы қолдау көрсету; Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында аймақтық ынтымақтастықты күшейту; халықаралық лаңкестік, есірткі саудасы, қарулар контрабандасы және ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлері, діни экстремизм және т.б. сияқты әлеуетті қатерлермен күрестің тиімді жүйесін жасау. Орталық Азияның географиялық тиімді орналасуын ескере отырып, ол Альянс үшін аймақтарға бақылауды жүзеге асыру үшін қажет, Брюссель үшін оның әскери-стратегиялық маңызы зор. Бұдан басқа, НАТО-ның аймақта тағы бір мақсаты бар - шынын айтқанда, Батыста оны дауыстап айта бермейді - аймақ елдерінің армияларын жаңартуға қатысу. Бұл былайша айтқанда, осы кезге дейі әскери-техникалық жабдықтау жүйесі үстем болып келген ресейлік әскери техниканы ығыстыруды көздейді.

- «Ауған мәселесін» шешпей Орталық Азиядағы болашақ қауіпсіздік туралы айтудың мәні болмас. Сіз бұл орайда, ауған бағытындағы Қазақстан мен НАТО өзара іс-қимылы қандай форматта болады деп ойлайсыз?


-2003 жылғы тамыздан бері НАТО Ауғанстандағы қауіпсіздікке жәрдемдесу жөніндегі халықаралық күштерді басқарып келеді және қазір осы елдегі өзінің қатысуын кеңейтуде. Альянс сондай-ақ ауған өкімет орындарына парламенттегі сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінгі таңда НАТО шамамен ауған аймағының 50 пайызында (елдің солтүстігі мен батысы) қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек көрсетіп келеді. Альянстың жоғарғы өкілдерінің айтуынша, НАТО үшін Ауғанстан басты басымдықтардың бірі. Солтүстік-Атлантикалық альянс елдерінің болашағы Ауғанстанның келешегімен тығыз байланысты. Бүгінде альянстың Ауғанстанға қатысуы қанша қажет болса, сонша сақталады деген американдық көзқарас басым түсіп отыр. Сөйтіп, тұтастай алғанда, шетелдік әскери-саяси қатысу тұрақтандырушы фактор деп бағалауға болар еді. Алайда іс жүзінде олай болмай отыр. Халықаралық бітімгершіл контингент шағын болғандықтан, олар өз алдына қойылған міндетті орындауға қабілетсіз, Ауғанстандағы зомбылықты тоқтата алмай отыр. Бітімгершіл күштер өздерінің мандаты бойынша әскери текетіреске белсене араласпайды, есірткі өндірісін тоқтатуға құқы жоқ және оны тоқтата алмайды. Ауғанстанда альянс бүгінгі таңда ең ірі әскери және бітімгершылік операциясын жүргізуде. НАТО-ның Ауғанстанға қатысуындағы жағдайдың ерекшелігі бұл ел альянстың дәстүрлі еуро-атлантикалық аймағынан (Балқан мен Жерорта теңізі аумағынан айырмашылығы) тыс жатыр. НАТО-ның кеңейіп отырған, сірә НАТО-ың Ауғастанға қатысуы Орталық Азияның, Ресейдің, Қытайдың, Пәкістанның және Үндістанның мүдделерін де қозғайды. Алайда оның оңды тұрақтандырушы әсерін жоққа шығаруға болмайды. Бұл ең алдымен Орта Азияға қатысты. Бұдан басқа Ауғанстан бұрынғыша Орталық Азиядағы әскери-саяси қауіпсіздіктің маңызды факторларының бірі болып қалып отыр. Кейбір тұрақтану кезеңдері әскери іс-қимылдардың тұтануымен алмасуда. Бұл ел әлемдегі ауыр есірткі түрлерін негізі өндіруші болып қалуда, оның басым бөлігі орталықазиялық мемлекеттер арқылы тасымалдануда. Осы жағдайларда НАТО өзінің әскери қатысуын күшейтуге, жауынгерлік операциялар аймағын кеңейтуге және өзінің Ауғанстанда тасымалданатын жүктері мәселелері бойынша Ресеймен және ТМД елдерімен ынтымақтасуға мәжбүр. Сөйтіп, мәселе бұрынғы аймақтық ауқымнан шығып, ТМД-ның стратегиялық жағдайын және Достастық ішіндегі қатынастарды қозғайды. Сонымен бірге Орталық Азия елдері НАТО-ның Ауғанстанда әскери қауіпсіздіктің негізгі факторы ретінде сақталуына өте-мөте мүдделі.

- Ауғанстандағы бітімгершілік операциялар сәтсіздікке ұшыраса не болмақ?


- Ауғанстан - Орталық Азия қауіпсіздігіндегі ең қауіпті фактор. Барлық сарапшылар да тәліптер Ауғанстандағы өкімет билігін қайтарып алса да тоқтамайтынына әбден сенімді. Келесі мақсат, сірә, Исламабад болар. Пәкістан президенті Первез Мұшаррафтың және оның арнаулы қызметінің АҚШ-пен қатынасы мен «Әл-Каида» мен тәліптер арасында теңселіп жүруі бейбіт кездегі жағдайда ғана орынды болар. Алайда Ауғанстандағы нағыз дағдарыс Ауғанстаннан коалиция күштері кеткен жағдайда болады. Оның соңы әскери төңкеріске дейін барып соғатын кез келген аса күрделі оқиғаға айналуы мүмкін, оның нәтижесінде пәкістандық ядролық қару эстремистердің қолына түсуі кәдік. Жеңіске жеткен жағдайда тәлптердің көздеген тағы бір бағыты орталықазиялық елдердерге шабуыл жасау болуы мүмкін. Соңғы кезде жаңа мақсаттар айқын бола бастады - уран рудалары кеніштері мен оларды өңдейтін зауыттарды басып алуға күш салынуда. Қазақстанда, Қырғызстанда, Тәжікстанда және Өзбекстанда уранның мол қоры бар, оны өңдейтін қуатар жұмыс істейді. Осы мақсаттардан келіп, біздің аймағымыздың елдері - исламшылдар экспансиясының әлеуетті нысандары болары сөзсіз. Орталық Азияға жол салуды тәлібтер өздерінің «бесінші саптары» - радикалық исламшыл топтардың күшіне сүйене отырып, жүзеге асыратыны сөзсіз. Бірқатар сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия тұрақсыздықтың жаңа өрісі алдында тұр. Оған Қытай, Ресей және АҚШ сияқты ұлы державалар да тартылуы мүмкін. Аймақтағы жағдайды зерделей отырып, көптеген талдамашылар зайырлы режімдердің негізгі қарсыласы Өзбекстанның ислам қозғалысы сияқты радикалық қозғалыстар емес, «Хизб ут-Тахрир» партиясы сияқтылар болмақ, олардың өздерінің мәлімдеуінше, бейбіт, идеологиялық құралдарды қолданады, алайда олар өз қатарларына Қырғызстанды қоса алғанда, Ферғана аңғарының тұтастай ауылдары мен аудандарын тартуда. Олардың мұндағы жақтастарының саны әртүрлі мәліметтер бойынша 7 мыңнан 15 мың адамға дейін жетеді. Мамандар тәлптердің «бесінші сапына» ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі серпаратистерді де қосып отыр. Ұйғыр серпаратистерінің көптеген адамдары жыл сайын пәкістандық және ауғандық тәлптер лагерлерінде әзірліктен өтеді, қарақшылыққа, рэкетке және Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы және Өзбекстандағы есірткі бизнесіне қатысады. Орталықазиялық елдер арнайы қызметтерінің мәліметтері бойынша, ұйғыр серпаратистерінің топтары қырғыздың «бәйшешек төңкерісіне» және Өзбекстандағы әндіжан оқиғаларына белсене қатысқан.

 - Ауғанстандағы оқиғалардың бұдан әрі дамуы қандай болмақ деп болжамдалып отыр?

- Мамандар, талдаушылар, сарапшылық қоғамдастықтар мен арнайы қызметтер өкілдерінде оқиғаның одан әрі өрбуі жөнінде бірыңғай көзқарас жоқ. Кейбір сарапшылар қауіп асыра көрсетіліп жүр, Орталық Азия тұрақтылығына тікелей келер қауіп жоқ дегенді айтып жүр. Алайда білем деуші мамандар, исламшылар мен экстремистердің белсенділігі жасырын түрде жүргізілгенмен, оның деңгейі жеткілікті дәрежеде жоғары деген пікірді ұстанады. Олар қылмыстық қызметпен және есірткі бизнесімен тығыз қабысқан. Бүгінде Ауғанстандағы жанжалды реттеу проблемасына қатысты екі қарама-қарсы пікір үстем болып отыр. Біріншісі, жағдайды реттеу және бейбітшілікке қол жеткізу елден барлық шетелдік әскерлерді шығарудан кейін ғана мүмкін болмақ дегенге саяды; екіншісі - жағдайды тұрақтандыру және бейбітшілік орнату тәліптер қозғалысын толық талқандағаннан кейін ғана мүмкін деген уәж айтады. Ауғанстандағы жағдайдың даму перспективаларын бағалағанда, оның басқа аудандармен байланысы арта түсуі үдерісін, атап айтқанда Таяу Шығыспен және әсіресе Иракпен байланысын естен шығаруға болмайды. АҚШ-тың және оның одақтастарының Ирактағы исламдық содырлар топтарымен текетіресі шиеленісе түсуі Ауғанстандағы тәліптер қалдығы мен басқа да эстремистік күштер іс-қимылының жандана түсуіне соқтырып отыр. Бұл орайда Палестина мен Ирактан Үндістан арқылы Ауғанстанға дейінгі «біртұрас ислам майданы» құрылуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. Бүгінгі таңда Иранда, оның ядролық бағдарламасы төңірегінде жаңа қауіпті ошақ пайда болуы елеулі күрделендіруші факторға айналып келеді. АҚШ-тың және оның одақтастарының тәліптерге қарсы ірі әскери операциясы Ауғанстанды ғана емес, Пәкістанның да мүддесін қозғайды және Оңтүстік және Орталық Азиядағы бүкіл әскери-стратегиялық жағдайды елеулі өзгертеді. Оқиғалардың бұлайша дамуы Үндістанның, Қытайдың және Ресейдің мүдделерін де қозғайды. Пентагонның Ауғанстанның ірі және қуатты Ұлттық армиясын құру бағыты күтпеген салдарларға әкеліп соғуы да мүмкін. Аймақтағы күштер тепе-теңдігі өзгереді. Кабулдағы режім жеткілікті күшке ие болады және өзінің көршілеріне, соның ішінде Орталық Азия мемлекеттеріне азуын көрсетуі де мүмкін. Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің мүдделері НАТО күштерінің Ауғанстанда осындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында барынша ұзақ болуын көздейді. Алайда болашақта Батыс ерте ме, кеш пе, әйтеуір Ауғанстанды қайта құру ісіне Орталық Азия елдерінің қатысуын кеңейту мәселесін алға қояды. Бұл аймақ елдерінің алдына күрделі саяси және экономикалық таңдау міндетін шығарады. Бұрынғы солтүстік альянс аумағындағы «қауіпсіздік белдеуін» нығайту аймақ елдері мүддесін көздейді. Сондықтан да Орталық Азия мен Ресейден көмектің алғашқы легі сонда қарай бағытталуы тиіс.