Астанада екі жүк көлігі соқтығысып, өртеніп кетті

АСТАНА. KAZINFORM – Астанада Пушкин көшесінің бойындағы өндірістің аумақта екі жүк көлігі соқтығысты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Две грузовые машины столкнулись в Астане: произошло возгорание
Фото: Видеодан алынған скрин

Әлеуметтік желілерде екі жүк көлігі соқтығысқан соң өрт шыққаны түсірілген видеолар тарап жатыр. Кадрдан қою түтін будақтап, техникалардың қызыл жалынға оранғанын байқауға болады. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жолдың апат болған бөлігінде қозғалыс шектелген. 

Көлік оқиғасы кезінде адамдардың жапа шеккені жайлы мәлімет түспеді. 

Қазіргі сәтте оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Айта кетейік, бұдан дейін Павлодар-Астана тасжолында көлік апатынан жеті бала зардап шеккенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар