Астанада екі жұмысшыны көлік қағып кетті, бірі қаза болды

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада жол жөндеп жатқан жұмысшыларды автокөлік қағып кетті. Бір жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Астанада екі жұмысшыны көлік қағып кетті, бірі қаза болды
Фото: Kazinform

— 2025 жылғы 18 тамызда түнгі уақытта «Шкода» маркалы автокөлік жүргізушісі Қошқарбаев көшесінен Сарыарқа көшесіне қарай «Сарайшық» көпірімен келе жатып, жол жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқанын ескермей, жұмыс істеп жатқан екі жұмысшыны қағып кетті, — делінген хабарламада.

Жол апаты салдарынан жұмысшының бірі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

— Болған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Автокөлік арнайы коммуналдық тұраққа қойылды, — дейді ведомстводан.

Айта кетсек, елордада мас күйде рөлге отырған 1 мыңнан астам астаналық жазаланды

Соңғы жаңалықтар