13:24, 10 Ақпан 2026 | GMT +5
Астанада екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды
АСТАНА. KAZINFORM — Елордада таңнан бері қалың қар жауып жатыр. Осыған орай ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
— 2026 жылғы 10 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысындағы барлық білім беру ұйымында 1-11 сынып оқушылары үшін ІІ ауысымда оқу процесі қашықтан оқыту форматына көшіріледі.
Бұдан бұрын көктайғақ салдарынан Қарағанды облысының жолдарына 150 полицей тартылғанын жазған болатынбыз.