Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізуге 100 күн қалды

«Біз халықаралық серіктестеріміздің қолдауы арқасында саммит жоғары деңгейде өтіп, ЕҚЫҰ дамуының тарихи сатысына айналады деген үміттеміз», - деді ресми өкіл. Оның айтуынша, еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен өзге де мемлекеттік органдары қазір осы іс-шараға белсенді дайындық жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылғы тамыздың 3-інде ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесі Астанада 2010 жылғы желтоқсанның 1-2-сі күндері осы ірі халықаралық ұйымның Саммитін өткізу туралы нақты шешім қабылдаған болатын. Бұл бүкіл посткеңестік кеңістік деңгейінде алғашқы ірі ауқымды шара болып табылады. Елімізге 55 мемлекеттің басшылары, 65 халықаралық ұйымның делегациялары, баспасөз өкілдері - барлығы бірнеше мың қонақ келеді, деп күтілуде.
Бұл жайында Мемлекет басшысы : «Жоғары деңгейде Саммитті өткізу, елімізді көрсету және жас астанада осындай форумды өткізу мүмкіндігі - біз үшін үлкен құрмет және зор жауапкершілік», деген болатын.