Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған мерекелік шара өтуде

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат -  Бүгін Астанадағы «Қазақстан» орталық киноконцерт залында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығы мен Отан қорғаушы күніне арналған концерт өтіп жатыр.
None
None

Концерт алдындағы салтанатты жиында ҚР Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков сөз сөйледі. «Осыдан 20 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен елдік пен егемендіктің тірегі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 7 мамыр - Отан, мемлекеттік мүдде, егемендік пен дербестікті қорғайтын Отан қорғаушылар күні. Бұл күн бейбіт елдің тыныштығын - әуеде, құрлықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір әскери қызметші үшін ерекше күн», - деп атап өтті Министр.

Ә. Жақсыбеков Қазақстан әскері мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тыныштығының кепілі екенін, сол себепті мемлекетіміздің әскери саласын одан әрі дамыту мақсатында игі істер атқарылып жатқандығын қадап айтты.

Соңғы жаңалықтар