Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14-съезі басталды

ТАНА.25 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс 14-съезі басталды.
None
None

Атап айтқанда, форумға барлық өңірлерден 600-ден астам делегаттар қатысуда. Алқалы жиында «Қазақстан. Мақсаттар-2017. Ұлттық іс-қимыл жоспары» сайлауалды тұғырнамасының нақты міндеттері қаралады деп жоспарлануда. Оның басты мақсаты гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету. Бұл құжат Елбасының «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасымен үндес. Сонымен бірге ол «Халықтың дауысы» акциясы кезінде түскен милиондаған азаматтардың аманатын арқалай отырып жасалған. «Қазіргі уақытта 850 мыңнан астам мүшесі бар партия болашаққа нақты мақсат қойып отыр. Себебі, «Нұр Отан» төрт жыл бұрын берген уәдесін қалтқысыз орындап, өзін нақты істер партиясы екендігін дәлелдеді» деп айтылған таратылған мәліметтерде.

Айта кетейік, бүгінгі съезд барысында партия сайлауалды бағдарламасын қабылдап, Парламент Мәжілісіне ұсынылатын үміткерлердің партиялық тізімін бекітпек.

Соңғы жаңалықтар