Астанада электр қуатының құнын 24,43 теңгеден 31,67 теңгеге көтеру мәселесі талқыланып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласы Табиғи монополияларды реттеу департаментінің табиғи монополиялар мен бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Нұрлан Қайрат елорда тұрғындары үшін электр қуатының тарифі 1Киловат/сағат үшін 24 теңге 43 тиыннан 31 теңге 67 тиынға дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты.

п
Фото: istockphoto.com

- Қазір департаменттің қарауында «Астана-Аймақтық электр желілік компаниясы» акционерлік қоғамының электр қуатымен жабдықтау тарифі туралы өтінімі жатыр. Шілде айында «Астанаэнергосбыт» ЖШС жұмысын тоқтатып, орнына «Астана- Теплотранзит» компаниясы келеді. Ол кезде де «Астана- Теплотранзит» біздің департаментке өтініммен шығады. Жыл аяғына дейін коммуналдық салада басқа өтінімдер тіркелген жоқ, - деді ол әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде өткен қоғамдық қабылдауда.

Айтуынша, коммуналдық компания электрмен жабдықтау құнын жеке тұлғалар үшін қазіргіден 7 теңге 24 тиынға қымбаттатуды ұсынып отыр.

- Қазіргі таңда өтінім берушінің жобасы бойынша электр қуатымен жабдықтау тарифін 29 пайызға көтеру ұсынылды. Бірақ ол әлі бекітілген жоқ. Департамент әлі қарап жатыр. Қазіргі таңда «Астанаэнергосбыттың» орташа тарифі – 1 КВт/сағ-қа 24 теңге 43 тиын. Олар ұсынып отырған жоба бойынша осы соманы 31 теңге 67 тиынға жеткізу ұсынылған, - деді ол.

Бұған дейін Астанада сарқынды суға қатысты тариф өсуі мүмкін екенін жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар