Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың энергетикалық инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алып келеді. Бүгін өткен баспасөз туры барысында журналистерге электр желілеріндегі бірқатар нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстар көрсетілді.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Биылғы инвестициялық бағдарлама аясында құрылыс-монтаж жұмыстарының 75%-ы орындалған.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қаражаттың негізгі бөлігі электр желілерін жаңғыртуға, ескірген жабдықтарды ауыстыруға және желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Шарада «Западная» қосалқы станциясы мен «Энергоцентр-1» тарату пунктіндегі жұмыстар таныстырылды.

энергоцентр, энергетика
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Западная» қосалқы станциясын жаңғырту жобасының екінші кезеңіне 2,483 млрд теңге бөлінген.

энергоцентр, энергетика
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Жұмыс электр желісіндегі кернеуді тұрақтандырып, елорданы электр энергиясымен қамту сенімділігін арттыруға бағытталды.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ал жобаның алғашқы кезеңі былтыр жүзеге асырылып, оған 118,87 млн теңге жұмсалған.

Мамандардың айтуынша, мұндай жобалар электр желілеріндегі ақаулардың алдын алып, тұтынушыларды тұрақты энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ал «Энергоцентр-1» тарату пункті 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Нысандағы кейбір жабдықтардың тозуына байланысты оны жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жобаға биыл 648,877 млн теңге қарастырылды.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бұл нысан арқылы электр энергиясын алатын тұтынушылар қатарында Астана қаласының әкімдігі, Мемлекеттік басқару академиясы және Қорғаныс министрлігі бар.

Жаңғырту барысында отандық өндірістің жабдықтарына басымдық берілген.

а
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

— «Энергоцентр-1» тарату пунктін реконструкциялау кезінде отандық өндірістің жабдықтары қолданылып жатыр. Мәселен, вакуумды ажыратқышты Астанадағы электр техникалық зауыты жеткізді. Қалған жабдықтардың басым бөлігі Алматыдағы Alageum Electric зауытынан алынған. Жабдықтарды таңдағанда отандық өндірушілерді барынша қолдауға тырысамыз, — деді «Астана — АЭК» АҚ даму жөніндегі атқарушы директоры Қуандық Ержанов.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Өткен жылы «Астана — АЭК» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасына 6,661 млрд теңге бекітіліп, нақты орындалған көлем 6,792 млрд теңгені құрады.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қаражат ескірген жабдықтарды ауыстыруға, электр желілерін дамытуға және олардың жұмысын автоматтандыруға бағытталды.

Астанада электр желілерін жаңғыртуға 8,5 млрд теңге инвестиция бағытталды
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
энергетика
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің оңтүстік аймағында орын алған технологиялық ақаулардың себебін тергеп-тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссия энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру жөніндегі шараларды қарады.