Астанада электронды денсаулық паспорттарын енгізу жоспарлануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің ғимаратында «Белсенді азамат» акциясы аясындағы соңғы брифинг өтті. Шара барысында денсаулық сақтау, білім және жұмысқа орналасу сияқты өзекті мәселелер талқыланды. Қалалық басқармалардың өкілдері атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы уақытта орын алатын өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлады Астана әкімінің баспасөз қызметі.
None
None

Денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмектер бағасының өсуі, емханалардағы кезектер мен жедел жәрдемнің келуін ұзақ күту жағдайлары қала тұрғындарын алаңдатып отыр. Бұл туралы Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Иван Ли толығырақ айтып берді.

- Өткен жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, дәрі-дәрмектер жеткізушілер мен әкімдік арасында жасалған меморандумға сәйкес өмірлік маңызы бар 200 препараттың бағасын ұстап қалдық. Бүгінде жаңа құжатқа қол қоймақпыз, бұл ретте белгілі бір қиындықтар туындап тұр. Доллардың тұрақсыздығынан фармацевтикалық нарықта баға саясаты анықталмаған. Адамдарға эндокриндік аурулар, қант диабеті, бүйрек жетіспеушілігі және т.б. аурулар кезінде беріліп келген препараттар бұрынғыдай беріледі деп нақты айта алмаймын. Есесіне, бұған дейін тегін алуға болатын дәрілік заттардың барлық кепілдендірілген көлемі қаланың бірнеше дәріханасында ғана болған, ал енді адамдар оны кез келген дәріханадан ала алады, - деді И. Ли.

Қалалық емханалардағы кезекті азайту үшін жаңа амбулаториялық-емхана деңгейіндегі жаңа мекемелерді салудан басқа, қалалық емханаларда навигация жүйесі, яғни балаларға, қарттарға және азаматтардың басқа да санаттарына арналған арнайы дәліздер енгізілуде. Жүкті әйелдер үшін бөлек дәліз қарастырылған, тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін дәрігерлердің қабылдау уақыты оңтайландырылып, сараптамалар тапсыру уақыты арттырылды.

Жедел медициналық жәрдем станциясындағы жағдай да жақсарды. Қызметкерлерге әлеуметтік көмек көрсетілді. Дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істей алатындай балабақшадан 94 орын бөлінді, оның үстіне қызметтік баспана ұсынылады. Жедел жәрдем машиналарының жетіспеушілігі мәселесі ғана қалып отыр.

- Келіп түскен шақырулардың 30% ғана жеделділікті қажет етеді. Ол үшін арнайы санитарлық көлік керек. Ал температураны түсіру немесе қысымды өлшеу үшін фельдшер жай машинамен де бара алады. 2 наурыздан бастап жаңа жоба қолға алынбақ, оның аясында жедел жәрдем қызметіне бригадаларды шақырулар бойынша апаратын 25 жеті орындық машина-такси беріледі, - деді Иван Ли.

Оның айтуынша, үстіміздегі жылы іске қосылатын ең маңызды жоба электронды денсаулық сақтау төлқұжатын енгізу болып табылады. Онда адамның туғанынан қартайған шағына дейінгі ақпарат сақталмақ. Құрылғылардағы барлық ақпараттар құпия болады, дәрігерлер ену коды болғанда ғана электронды картаға өзгерістер енгізе алады.

Соңғы жаңалықтар