Астанада ең төменгі күнкөріс деңгейі ақпан айында 19 595 теңгені құрады

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада ең төменгі күнкөріс деңгейі өткен аймен салыстырғанда 0,3%-ға төмендеді.
None
None

Ал 2012 жылдың ақпан айымен салыстырғанда 9,3%-ға артты, яғни 19 595 теңгеге жетті. Бұл туралы Астана қаласы бойынша Статистика департаментінен хабарлады.

Елорданың ресми сайтының жазуынша, астаналықтардың ең төменгі күнкөріс деңгейіне ет пен балық (23,8%), сүт, май өнімдері және жұмыртқа (15,7%), жеміс және көкөніс (11,1%), нан тағамдары және жарма өнімдері (7,5%), қант, шай және дәмдеуіштер (1,9%) қосылған.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың қаңтар айында елордада ең төменгі күнкөріс деңгейі 19 663 теңге болды, яғни 2012 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 10,1%-ға артық.

Соңғы жаңалықтар