Астанада ересектер арасында кикбоксингтан Қазақстан чемпионаты өтеді

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қаңтардың 16-сы мен 23-і аралығында Астанада ересектер арасында кикбоксингтан Қазақстан чемпионаты өтеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, турнирдің басты мақсаты - ұлттық командаға іріктеу үшін мықтыларды анықтау. Осылайша бір аптаның ішінде еліміздің әр аймағынан келген үздік кикбоксшылар кімнің күшті екенін шаршы алаңда анықтайды. Қаңтардың 16-да чемпионаттың салтанатты ашылу рәсімі болады, ал келесі күні алдын-ала жекпе-жектер өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанғандар ұлттық құрамаға қабылданады. Олар халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар