Астанада еріктілердің слеті өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарашаның 8-9 аралығында сағат 10:00-де Астана қаласының, «Сарыарқа» велотрегінде «Туған-Өлке» атты еріктілер тобы жетекшілерінің слеті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада еріктілердің слеті өтеді

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тапсырысымен «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері ұйымдастырады.

Слет аясында еріктілерді «EXPO-2017» халықаралық көрмесі мен Универсиада-2017 тәрізді маңызды халықаралық шараларға дайындау мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланады.

Мектеп аясында тренингтер мен мастер-класстар өтеді. Олар еріктілер арасында тығыз қарым-қатынас орнату және бірлесіп қызмет етудің тиімділігіне қатысы өзекті мәселелерді қамтиды.

Жоғары деңгейлі тренерлер супервайзерлер мен тим-лидерлерді еріктілер қозғалысын дамыту барысында ұйымдастыру процесін басқаруға, осы жұмыстар кезінде берік коммуникация жүйесін қалыптастыру құралдарымен және шетелдік қонақтармен жұмыс істеуге үйретеді.

Слет аясында «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесінің «Еріктілер кодексі» қабылданады және еріктілер қозғалысын дамыту жүйесінің әдістемесі талқыланады.